Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты құқық бұзушылық статистикасын жариялады.
Биыл электрсамокат жүргізушілерінің әрекетінен 41,6 мыңнан аса құқық бұзушылық орын алғаны анықталып отыр. Оның ішінде мас күйінде жүргізу – 9 дерек, жалпы пайдаланымдағы жолдарда балалардың электрсамокат жүргізуіне жол берегені үшін 130 ата-ана жауапқа тартылған.
– Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен құқық қолдану практикасына қарамастан, электрсамокаттардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдай әлі де күрделі. Айталық, биыл 9 айда электрсамокаттардың қатысуымен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 136 адам жарақат алған. Электрсамокаттардың жүргізушілері кінәсінен 24 жол көлік оқиғасы болып, 1 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алған, - делінген ведомство хабарламасында.