Қазақстанның барлық аумағында сәрсенбі күні теледидар мен радио жұмыс істемейді.
– 30 қазан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, - делінген хабарламада.
Компания өкілдерінің мәліметінше, спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіндіктен хабар тарату уақытша тоқтатылады.