«Шығысэнерготрейд» ЖШС мәліметінше, энергиямен жабдықтау қызметі энергия беруші ұйымдарға қайтарылады.
Бұған дейін «Шығысэнерготрейд» ЖШС мен «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ екі энергетикалық компанияны біріктіруді жоспарлаған еді.
Қазір «Шығысэнерготрейд» ЖШС Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағындағы елді-мекендерді электр энергиясымен жабдықтап, тұтынушыларға электр энергиясын жеткізеді.
– 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Шығысэнерготрейд» ЖШС энергиямен жабдықтау ұйымының функциялары және «Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынушылары энергия беруші ұйым – «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» акционерлік қоғамына ауысады, - делінген Шығысэнерготрейд компаниясының хабарламасында.
Желтоқсан есептік кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін төлем «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не, ал қаңтар есептік кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін төлем «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ-на жіберіледі.
– Тұтынушылардың дербес шоты өзгеріссіз қалады. Тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді бұған дейін де төлеген өздеріне ыңғайлы тәсілмен төлей алады. Төлемді «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ ұйымының шотына аудару қажет. Барлық процестер сақталады, тек қызметтер жетілдіріледі, - дейді Шығысэнерготрейд компаниясының өкілдері.