ШҚО-да осы апта күн салқын болады


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-10-2024, 16:00 0

Қазан айының соңғы күндері Шығыс Қазақстан облысында күн суытады. Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады.  

– Еліміздің шығысында қазан айының соңғы күндері жауын-шашын қарға айналады. Ауа температурасы күндіз 6 градустан аспайды, - делінген Қазгидромет хабарламасында.   

Өскеменде жаңбыр мен қар жауып, сынап бағанасы күндіз 4-6 градусқа дейін жылы, түнде 0-1 градусқа дейін суық болады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив