Жыл басынан бері Қазақстанда кәмелетке толмағандардың қатысуымен 154 жазатайым оқиға орын алған. Олардың барлығы мопед тізгіндеген деп хабарлады ведомствода өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
«Жолаушылар тасымалы түрлерінің көбеюі жол қозғалысына айтарлықтай әсер етеді – көліктің бұл түрін пайдаланушылардың көпшілігі жол ережесін сақтамайды. Өкінішке орай, бұл көбінесе қайғылы оқиғалармен аяқталады. Мопедтер мен мотороллер жүргізген кәмелетке толмағандардың қатысуымен 154 жол-көлік оқиғасы орын алды, 180 кәмелетке толмағандар зардап шекті, 10-ы қайтыс болды», - деді Әлекешев.
Полиция қызметкерлері ата-аналардан балаларының жол жүру ережелерін сақтауын қадағалауды сұрайды.
«Скутерлер, мопедтер, электроскутерлер ойыншық емес, олар толыққанды жол пайдаланушылар», - деп түйіндеді Әлекешев.
15 мамырда Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға өзгеріс енгізді. Яғни, мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптарды күшейтетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі барлық мопедтердің көлік санатына жататынын айтқан болатын. Оларды жүргізу үшін сізге А1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет.