Жаңа көпірмен 18 қазан түстен кейін жүре бастаймыз


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 16-10-2024, 14:06 0

ШҚО көлік басқармасының хабарлауынша, Күршімнің жаңа көпірі  18 қазан күні ресми ашылады, бұл туралы ҮК kz сайты жазды.

Ақпарат көздері таратқан мәліметке сүйенсек, 18 қазан күні  көпір ресми түрде іске қосылып, түстен кейін көлік қозғалысына рұқсат беріледі.

20 қазан күні Күршім ауданы көпірдің салтанатты ашылу тойын жасайды.

Паромдар қайда кетеді? десеңіз. Оған F16.kz сайты таратқан мәліметке сүйене отырып жауап береміз.

“Екі паромның бірі қысқа дейін Васильев өткеліне, екіншісі Октябрьский өткеліне орналастырылады. Қазір ол маңда жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осы бағыттағы трассаның 98-ші шақырымындағы Сажаевка ауылының маңындағы өткелге паром қойылса Өскеменнен жол-жөнекей Алтайға кірмей, Үлкен Нарын мен Катонқарағайға тура тартуға болады. Осылайша, 250 км болатын жол паром арқылы шамамен 70 шақырымға қысқарады”, деп жазады F16.kz

 Көпірден өту тегін бе, әлде ақша төлейміз бе? деген сұрақтар да қойылып жатыр.

Ол туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ. Bizdiң Өskemen тілшілері ол сұрақтың жауабын міндетті түрде, тауып жариялайды.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив