Сізге бастығыңыз не «әкімнің» өзі жазуы мүмкін. Сенбеңіз


МАҢЫЗДЫ / ЖАҢАЛЫҚТАР 21-06-2024, 13:04 0

Алаяқтар жаңа тәсілге көшті. ШҚО-да мемлекеттік орган басшыларының атынан фейк аккаунттар пайда бола бастады.


Осыған байланысты облыс әкімінің баспасөз қызметі шығысқазақстандықтарға ресми хабарлама жолдайды:


"Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен (көбінесе қарызға ақша алу) көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті. Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз."


daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив