Енді «медицина мамандарына» айнала бастады. Алаяқтықтың жаңа түрі, сақ болыңыз


ЖАҢАЛЫҚТАР 17-05-2024, 11:39 0

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Бұл туралы Абай облысының полициясы ескертеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

Алаяқтар флюорография мен медициналық тексеруге жазылу үшін емханадан телефон соққандай болып, күн мен уақытты таңдатып, кейін SMS арқылы кодпен жазбаны растауды өтінеді. Осылай арам ойларын жүзеге асыруды қолға алған. 

Естеріңізге сала кетсек, логинді өзгерту туралы хабарламалар тек мемлекеттік қызмет номерлерінен келеді. Жақындарыңызға ескертіп, сақ болыңыздар! Алаяқтарға алданып қалмаңыздар.

Сонымен қатар, “SIM картаның мерзімін ұзарту” үшін код сұрап қоңырау шалуы да мүмкін.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив