Кешенніңресмиатауы - "Солжағалау профилакторийі".Ол этнопарктің жанында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бұл жерде сатуға шығарды. Бастапқы баға—1115893000теңге.
Халық арасында бұл кешенді "Назарбаев резиденциясы"деп те атайды. Қазақстанның экс-президенті Шығыс Қазақстанға сапарлары кезінде осында тоқтаған деген пікір бар. Жекелеген блогерлердің пікірінше, бұл ғимаратты облыстың бұрынғы әкімі Даниал Ахметов өзінің тұрғылықты жері ретінде пайдаланған.
Бұл туралы айтылғандар туралы нақты ақпарат жоқ.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев кешен қоғам игілігіне пайдалануға беру мақсатында сатылады дегенді айтты.
Сауда-саттық талабы бойынша, нысан базасында туристік-инвестициялық хаб құрылуы керек. Болашақ иесі әуелі үш жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға, кейін толық сатып алуға құқылы.
Инвестор нысандажөндеуге,конференц зал, жеке коворкингтер, қонақүй нөмірлері және сауда павильондары бар жаңа көпфункционалды орталық салуға мінжетті. Жөндеуге және іске қосуға кемінде 800млн. теңге сомасында ақша құюы қажет. Нақты айтқанда, бірінші жылы —400млн. теңге кейінгі екі жылда 200 млн. теңгеден салады. Сонымен бірге кемінде 25 тұрақты жұмыс орнын құру.ы керек.