ШҚО-да «Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі өтеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-10-2024, 14:30 0

10-14 қазан аралығында Ұлан ауданы Бозанбай ауылына жақын Бүркіт төбе алаңында халықаралық «Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі өтеді. 

«Шығыс Салбұрыны»  фестиваліне Қазақстанның түкпір-түкіпірінен, шетелден 5000-нан астам адам келеді деп күтілуде. 80 бүркіт 30 сұңқар және 30 тазы жарысқа түседі. Жарысқа Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Венгрия қатысушылар келіп қатысады. 

– Шараның басты мақсаты – ұлттық спорт арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануды қолдау, ұлттық құсбегілік спортын, тазы жүгірту, асау үйрету өнерін кеңінен тарату. Биыл Қазақстан мен шет мемлекеттерден 5 мыңға жуық турист келеді деп жоспарлануда, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев. 

Жарыс бағдарламасына түрлі санаттағы бүркіттер мен сұңқарлар сайысы, «тазы» тұқымындағы жүйрік иттердің жарысы, «жамбы ату» және «теңге ілу» додалары кіреді. Алаңдардың бірінде киіз үй қалашығы орналасады. Мұнда қонақтар үшін көптеген ойын-сауықтар әзірленеді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив