Өскемендегі кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгерді


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-10-2024, 14:00 0

1 қазаннан бастап Өскемендегі кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Енді кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығы Сәтпаев даңғылы, 34/2 мекенжайында жұмыс істейді. 

Халыққа қызмет көрсету орталығы кезекші кесте бойынша азаматтарды жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. 

Мамандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы кезекшісінің мекенжайы бұрынғысынша Самара тас жолы, 23. МХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.  

Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сәйкес жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар