Халықтық штаб мүшелері ҮМЗ қызметкерлерімен кездесті


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-09-2024, 12:23 0

Атом электр станциясы қауіпсіз әрі экологиялық таза қуат көзі. Елімізде 6 қазан АЭС салу бойынша референдум өтетін болады. 

Үлбі металлургиялық зауыты қызметкерлерімен кездескен Халықтық штаб мүшелері АЭС-тің маңыздылығын түсіндіріп азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
 
«Қазақстанмен бірге басқа көптеген елдер үшін де атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру көмір және газбен қуаттанатын жылу электр станцияларына қарағанда әлдеқайда арзан. Әсіресе, энергетикалық дағдарыс кезінде атом электр станцияларында өндірілетін электр энергиясының құнындағы артықшылық өзіне ерекше назар аудартады. Қазақстан – уранға өте бай ел. Соңғы он бір жылда уран өндірісі бойынша әлемде бірінші болса, уран қоры бойынша әлемде екінші орын алады», - деді спикер Александр Светаш.

Статистикаға сәйкес, 1 кг көмірді жаққан кезінде 7 кВт/сағ энергия өндірілсе, 1 кг газ 14 кВт/сағ энергия бөледі. 1 кг ураннан 620,000 кВт/сағ энергия өндіріледі. Энергия тиімділігі тұрғысынан уран көмірге қарағанда 90,000 есе және газға қарағанда 45,000 есе тиімді болып отыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив