Қазақстан темір жолы саласының қызметкерлері АЭС маңыздылығын талқылады.
АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штабтың мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутатары Ерлан Саиров және Ұлықбек Тұмашинов Қазақстан темір жолы саласының қызметкерлерімен жүздесіп елімізде АЭС салудың маңыздылығын талқылады.
Бұрынғы атом электр станцияларына қарағанда қазіргі АЭС-тің технологиялары мен қауіпсіздік талаптары айтарлықтай жақсартылған. Сондықтан қазір АЭС энергия көзін алудағы ең қауіпсіз әдіс болып табылады.
«Бүгінгі таңда елімізде әлі шикізатқа тәуелділік бар.Эканомикалық даму болу үшін біз шикізатқа тәуелділіктен арылыуымыз керек. Ол үшін жаңа технологиялық циклға өтуіміз қажет. Міне атом электр станциясы Қазақстанның эканомикасын жаңа технологиялық циклға өткізу үшін қажет. Өйткені АЭС құрылысы салынғанан кейін оның айналасында жаңа экономикалық инфрақұрлым еліміздің эканомикасын жаңа дейгейге көтереді»,-дейді Республикалық халықтық штабтың мүшесі Ерлан Саиров.
Халықтық штабтың өкілдерімен сала сарапшылары жиынға қатысушыларға 6 қазанда өтетін референдумға қатысып өз таңдауларын жасау қажеттігін жеткізді.
«Қазанның 6 күні өтетін референдумға келіп өздеріңіздің азаматтық көзғарастарыңызды білдіру маңызды. АЭС салу мәселесін рефререндумға шығарудағы басты мақсат шешімді халықпен бірге қабылдау», -деді Ұлықбек Тұмашинов.
Сонымен қатар жиынға қатысқан «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы ғылыми орталығының басшысы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Қылышқанов АЭС бойынша бір қатар нықты дәйектер келтіріп қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.