Құрылысы бірнеше жылдан бері аяқталмай келе жатқан Maxi Mall сауда орталығы қашан ашылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 4-09-2024, 13:00 0

Қаныш Сәтпаев даңғылы, 184 мекенжайында жаңадан салынып жатқан Maxi Mall сауда орталығының 2025 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, наурыз айында ашылуы мүмкін.  
Қазір құрылыс алаңында құрылыс-монтаждау, бетондау, инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі қабатты сауда орталығының бірінші қабатында Bershka және Stradivarius сияқты т.б. танымал брендтердің сауда бутиктері, ал екінші қабатында фуд-корт, кинотеатр және үлкен ойын орталығы болады.  
Maxi Mall сауда орталығында жерасты тұрағы болмайды. Сонымен қатар, автокөліктердің сауда орталығына кіру мәселесі де ашық күйінде қалып отыр. Қала әкімі Жақсылық Омар бұл мәселемен құрылыс жұмыстары біткенде ғана айналысамыз деп уәде берді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив