Марқакөлге автобус жүретін болды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:46 0

Марқакөл ауданы, Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылы, Жаңа Қанай және тағы да басқа бірқатар ауылдарға автобустар қатынайтын болды. Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мәлімдеді. 

25 сәуірден бастап Өскемен – Бозанбай бағыты іске қосылады.

Өскеменнен шығу уақыты – 11:30 және 16:30 (Абай даңғылындағы автовокзалдан);

Бозанбайдан – 7:30 және 13:30 (әкімдік жанындағы аялдамадан).

Ересектерге арналған билет құны – 1000 теңге, балалар мен кейбір басқа санаттар үшін жеңілдіктер қарастырылған.

1 мамырдан бастап Өскемен – Марқакөл бағыты іске қосылады.

Өскеменнен шығу уақыты – 14:30 (Абай даңғылындағы автовокзалдан);

Марқакөлден – 7:00.

Ересектерге арналған билет құны – 4500 теңге. Балалар мен басқа санаттар үшін жеңілдіктер бар.

1 мамырдан бастап Өскемен – Жаңа Қанай бағыты іске қосылады.

Өскеменнен шығу уақыты – 12:00 және 16:50 (Мызы көшесіндегі автостанция),

Жаңа Қанайдан – 8:20 және 13:20.

Ересектерге арналған билет бағасы – 650 теңге, балалар мен кейбір басқа санаттарға жеңілдіктер қарастырылған.

1 мамырдан бастап Өскемен – Тройницкое бағыты да қайта іске қосылы.

Өскеменнен шығу уақыты – 16:45 (Мызы көшесіндегі автовокзалдан),

Тройницкоедан – 7:00.

Ересектерге арналған билет құны – 1500 теңге, балалар мен кейбір санаттарға жеңілдіктер бар.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив