Экологиялық бастамаларға деген белсенділік артып келеді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 10:23 0

Елімізде жүріліп жатқан экологиялық бастамаларға қазақстандықтар белсенді қатысуда. Фестивал қортындысы бойынша әрбір үшінші қазақстандық қатысқан. Экологиялық бастамалар негізінде экофестиваль өтіп, көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Астанада 21 сәуірде Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтіп, инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.

Экофестивал аясында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Қалдықтардың екінші өмірі» атты 7 көрме аймағы құрылған.

Соның бірі – Kazstonebox жобасы. Жоба аясында экологиялық және суға төзімді материал – тас қағаздан жиһаз бен қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлер шығарады. Бұл өнімдер төзімді, ылғалданбайтын, бастысы ағаш пен пластикке экологиялық таза балама бола отырып, толығымен қайта өңделеді.

Ал Technic Destroy литий-ионды батареяларды қайта өңдейді және ондағы бағалы металдарды (литий, кобальт, мыс) өндіріске қайтарады. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, шикізат импортына тәуелділікті азайтады.

«Жасыл технологиялар» бағыты бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 9 аймақ ұйымдастырды.

Соның бірі – TabQorTech. Бұл ормандарды бақылауға және қалпына келтіруге арналған экодрон. Аталмыш дрондар заңсыз ағаш кесу және экожүйелерге басқа қауіптерді анықтау үшін нақты уақыт режимінде ормандарды күзетеді. Бірегей функциясы – автономды ағаш отырғызу: дрон тұқым мен қоректік заттары бар биологиялық ыдырайтын капсулаларды таратады, тіпті құрғақ аймақтарда да көшеттердің шығындысын қамтамасыз етеді.

Табиғатты тазартуға бағытталған SMARTECOFIELD мобильді кешені мұнай төгілуінің салдарын тез жоюға мүмкіндік береді, яғни топырақты тазарту мерзімін 12-15 айдан 1-2 айға дейін қысқартады.

Айта кету керек, экофестивальді өткізудің бас демеушісі «Bank RBK» АҚ. 

– Bank RBK үшін мемлекеттің, бизнестің және қоғамның қоршаған ортаны қорғау ісіндегі күш-жігерін біріктіретін осындай ауқымды және маңызды оқиғаның бір бөлігі болу үлкен мәртебе. Бұл экологиялық бастамаларды көрсетуге арналған алаң ғана емес, бұл жаңа ойлаудың және болашақ үшін ортақ жауапкершіліктің символы екені қуантады, – деп атап өтті Bank RBK Басқарма төрағасы Наталья Акентьева.

Экофестиваль аясында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының қорытындысы шығарылды. 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, экологиялық бастамаға қатысушылардың саны 6 миллион адамнан асқанын, бұл әрбір үшінші қазақстандық екенін атап өтті. Қатысушылар бірлесіп жалпы 1,1 млн. тонна қоқыс жинаған.

Өңірлерде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сынды акциялар дәстүрге айналды, олардың аясында 1,8 млн. га аумақ тазартылып, 1,6 млн. жуық жасыл желек отырғызылды, сонымен қатар 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері қалпына келтірілді, өзендердің, көлдердің және басқа да су айдындарының айналасының 5,8 млн. шаршы метрден астам аумағы тазартылған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың маусым айында қоршаған орта мен экология саласындағы мәселелерді шешуге өтінім беруді жеңілдету үшін @TazaQazBot чат-боты қосылған. Қазіргі таңда келіп түскен 16 мыңнан астам өтінімнің 14,6 мыңы шешімін тапқан.

Сонымен қатар, биыл министрлік өңірлерге 300 мыңнан астам көшет берді, сондай-ақ Астана мен Жезқазғанның 130 мектебін қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлермен жарақтандыру жобасы іске қосылды.

Айта кету керек, фестивальдің барлық қатысушылары «Тілектер ағашында» экология саласына қатысты ұсыныстарын қалдырды.

Кештің басты оқиғасы қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін саланың көшбасшыларын марапаттау рәсімі болды. Жеңімпаздар 4 номинация бойынша марапатталды.

«Үздік экологиялық стартап жоба» номинациясында  «Faceplate» жобасы жеңіске жетті. Бұл күн және жел станцияларының жұмысын қазіргі сәтте бақылауға және басқаруға арналған инновациялық платформа.

Экология саласындағы ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламалары үшін «Жасыл университет» номинациясы бойынша «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жеңімпаз атанды.

«Экологиялық білім үздігі» конкурсында «Табиғатқа жақын ұйым» номинациясының жеңімпазы – Қарағанды облысы Теміртау қаласының білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі, «Экологиялық ағарту және ақпараттандыру» номинациясы бойынша Қостанай қаласын білім бөлімінің № 7 жалпы білім беретін мектебі жеңімпаз атанды.

«Суды үнемдеп, болашақты сақта» сурет байқауының жеңімпаздары:

1 орын - Бугаева Елизавета - Қарағанды қ. №87 жалпы білім беретін орта мектебі;

1 орын - Ғалымжан Аружан - Атырау қ. Хамит Ерғалив атындағы № 35 мектеп-гимназиясы;

2 орын – Бибитова Айзере - Ақтөбе обл. Жаңақоныс ауылының №69 жалпы білім беретін орта мектебі;

3 орын – Шамильева Айла - Астана қ. Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей.

Жеңімпаздар дәстүрлі мүсіншелердің орнына табиғатты қорғауға қосқан үлесін білдіретін көшеттер алды. Фестиваль эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концертпен аяқталды.

Таза Қазақстан бастамасы бұл тек бір реттік акция емес, өмір салтына айналғандай.



Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив