Синоптиктер 22, 23 және 24 сәуір күндері ауа райы қандай болатыны болжады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, кейін қарға ұласатын жауын-шашын болжанып отыр.
Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін:
22 және 24 сәуір – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында -3°С дейін;
22 сәуір – Қарағанды облысында -1°С дейін;
22–23 сәуір – Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -1°С-тан -8°С-қа дейін;
24 сәуір – Ақмола және Қостанай облыстарында -1…-3°С дейін суытады.