Президент: Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-09-2024, 13:00 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, заңсыз көші-қон және басқа да ауыр қылмыстарға қарсы қатаң шаралар қабылдауға міндетті екенін атап өтті.  
– Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс. Құқық қорғау органдары кәсібилік, батылдық және табандылық танытуы керек, - деді Президент.  

Мемлекет басшысының айтуынша, біз соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістіктерге жеттік. 

– Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив