Үкімет Қазақстанда атом электр станциясын салу керек пе, жоқ па деген мәселеге нүкте қою үшін жалпыұлттық референдум өткізу туралы президент жарлығы туралы қаулыны қабылдады.
Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС бойынша референдум өткізу туралы жарлық жобасын президенттің қарауына енгізу туралы қаулыны қолдауды сұрады.
«Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және «Республикалық референдумды өткізу туралы» Қазақстан Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Президентінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын. Референдум арқылы Қазақстан азаматтары тұрақты, тиімді және көміртексіз энергия көзіне негізделген еліміздің болашағы туралы шешім қабылдай алады», -деді министр.
Референдумның нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз.