Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында хабарланғандай, 13 шілдеде жергілікті полиция басқармасының қызметкері мас күйінде көлік жүргізген.
Сот ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.