Семей қалалық прокуратурасы «Зеленстрой Семей» ЖШС басшылығы екі жыл бойы 69 миллион теңге көлемінде жұмысшыларға зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды төлемегенін анықтады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарамастан, басшылық туындаған қарызды өз еркімен өтеуге асықпаған. Сонымен қатар, кәсіпорынның 2022 жылдан бері 319 млн теңге мөлшерінде салық берешегі болғаны белгілі болды.
– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 200-ден астам қызметкердің құқығы қорғалды. Бюджетке 300 миллион теңге салық берешегі өндірілді, - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.