ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышеваның айтуынша, облыста 2024-2025 оқу жылына оқулықтар сатып алу үшін бюджеттен 450 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражатқа баспалар 148 725 кітап шығаруы керек.
- Баспагерлер 20 тамызға дейін шығарып бітуді жоспарлап отыр, - деді білім басқармасының басшысы. – Ал мектептерге оқулықтар 25 тамыздан кешіктірілмей жеткізілуі керек.