Шекарашы болу оңай деп пе едің, қарағым


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА / АУДАНДАР 17-08-2024, 11:21 0

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз, Күршім ауданы бойынша Шекара басқармасыныңмедбикесі, аяулы жар, әскерилердің тілімен айтқанда «Тылдағы сенімді тірек», 1 ұлмен 2 қыздың асыл анасы, өз еңбек жолын әскери өмірге арнаған кіші сержантМиргуль Жанибековна Биекенева. 

Миргуль жолдасымен Ринат Камаряновпен 2005 жылыӨскемен жоғарғы медициналық колледжінің үшінші курсында танысқан.Әйтсе де, бірден аса қатты араласа қоймаған. Араға жыл салып Күршім ауылына диплом алдындағы тағылымдамадан өтуге келгенде екеу арасындағы қарым-қатынас нығая түскен. Ол кезде Ринат «Көкжота» шекара бөлімшесінің старшинасы болып қызмет атқаратын. Бір күні кезекті еңбек демалысында жүрген Ринат арадағы қашықтыққа қарамастан болашақ жарының ауылына барып, Миргульмен сөз байласады. Арада көп уақыт өтпей ақ бір-бірін ұнатқан екі жас екі сөзге келместен үйленеміздеп шешім қабылдайды.

Тамылжыған тамыз айында неке қидырып, отыз күн ойын, қырық күн 

тойын жасап екі жақтың көңілінен шыққан қос ғашық «Көкжота» шекара бөлімшесіне қарай бет алады. Жол бойы тұныптұрған табиғаттың көрінісіне тамсанған Миргульшекара бөлімшесіне қалай жетіп қалғанын аңғармай да қалады. Бұған дейін шекара бөлімшесінің табалдырығын ертерек аттаған қыз-келіншектер жаңа түскен жас келінге лайықты құрмет көрсетіп күтіп алады.

Осылайша шекарашының жары атанған Миргуль күйеуінің қызығынан да қиындығы басым қызметіне құрметпен қарап,тату-тәтті өмір сүіреді.Таулы аймақта ешқандай байланыстың жоқтығына көндіккен ол үйшаруасымен айналысыпбөлімшенің де шаруашылық жұмыстарына қол ұшын тигізіп үлгеретін.

«Күндердің күнінде тұңғыш ұлымыз - Расул дүниеге келді.Бұл 2007 жыл болатын. Таулы аймақтағы нашар жолмен баланы арқалап жүріп-тұру қиындау болғандықтан балаға егілетін екпелерді салдыру үшін бөлімшедегі барлық техникалармен жүріп шыққанымды жасырмаймын. Тіпті, көлік жоқ кезде атшанамен де жүре беретінбіз  кейіннен оған да үйреніп кеттік», деп сол бір уақытша қиыншылықты жымия еске алды. 

Өкінішке орай, бөлімшеде кейіпкеріміздің мамандығына сай жұмыс табыла қоймады. Қайтсем дәрігер боламын деп ойлап жүрген жас келіншек бөлімшеде бос тұрған байланысшы лауазымында қызметатқарғысы келмеді. Арагідік көмекке мұқтаж жандарға алғашқы медициналық көмеккөрсетіп жүрді. Әсіресе, бұл жеке құрамға жақсы болды дәрігерді алыстан ізмей-ақ жандарынан табылғанына. Жаныңда жүр жақсы адам деген осы болса керек. Сөйтіп  жүргенде баласының да мектеп жасына келіп қалғанын байқайды. Расулды даярлық тобына беру және өзі де үй шаруасында отырабермей жұмысқа шығу қажеттіліп туындайды. Осыны ескерген Ринат болса отбасының алысқакеткенін қаламай, жоғары басшылыққа отбасылық  жағдайын айтып, әскери бөлімнің лазеретінде босаған мейірбике лауазымына тағайындауды өтінеді. Басшылық шекарашының өтінішін қабыл алып, Миргуль ойламаған жерден әскери қызметші болып шыға келеді.

 

Тамылжыған тамыздың аптап ыстығында Үшарал қаласына келісімшарт бойынша қызметке кірген бір топ қыз дайындық курсына іс-сапарға келеді. Бәрі де сырт көзге қарағанда әскериқызметті оңай деп ойлаған болуы керек, осы  іс-сапардан кейінбіз әңгімелеп отырған сұлу қыздың ойы бірден өзгеріп шыға келеді. Әйтсе де, қызығы мен қиындығы қатар жүретін әскери саланың бар ауыртпалығына көніп, ер азаматтармен иық тірестіре қызмет атқарған мейірбике  2022 жылы шілде айында аға мейірбикелауазымына тағайындалады. Осы сәттен бастап оған бұрынғысынан арман үлкен жауапкершілік жүктеліп нағыз өз ісінің маманы атанады.  

Бүгінде кәнігі дәрігерге айналған Миргуль дәрілікпрепараттарға, медициналыққұрал-жабдықтарға тапсырыс беру, оны дер кезінде қабылдап алу,үлестіру, есепке алу және шығару сияқты жұмыстарымен қоса дезинфекциялық режимдісақтау, лазареттегі тазалық, мейірбикелер мен фельдшерлергесабақ өткізу,тағайындалған ем-шаралардың жасалуын қадағалау, профилактикалық екпелердіжоспарлау және екпе жүргізу сияқты жұмыстармен қатар кезекші фельдшер болыпнарядқа да түсіп үлгеріп келеді.

Иә, шекарашының жары болу оңай шағылатын жаңғақ емес. Әсіресе, желдің өтінде, шекара шебінде қызмет атқару екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Алайда, Миргуль Биекенева отбасымен әскери қызметті қатар алып жүрген батыр ана, білікті маман. Ол әрқашанда өзінің шекарашының жары екенін, шекарашы екенін мақтан тұтады! Олай болса, әріптесімізге тек қана алға дегіміз келеді.

Майор Ғ.Бакетов

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив