Түркістаннан Шығыс Қазақстан облысына бет алған көш биыл тағы да жалғасын таппақ. Өткен жылы өңірге бірқатар отбасы келіп қоныстанған болатын. Биылғы кқшті бастауға ниет білдірген 40 адам жер шалып келген. Олар Самар, Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім, Тарбағатай, Зайсан және Катонқарағай аудандарын аралап көрмек, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Түркістан облысынан келген тұрғындар әуелі Қасым Қайсенов кентіне атбасын тіреді. Сапар барысында жер шалушылар Самар, Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім, Тарбағатай, Зайсан және Катонқарағай аудандарындағы өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, еңбекпен қамтылу мүмкіндіктерімен, инфрақұрылыммен және тұрғын үймен қамтамасыз етілу жағдайымен танысады.
– Жалпы, бекітілген квота бойынша 372 азаматты қабылдай аламыз. Қазіргі таңда бұл квотаның 70%-ы орындалды. Шығысқа көшіп келеміз дегендерге мемлекет тарапынан субсидиялар қарастырылған. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар да көмектесуге ниетті. Ауыл ақсақалдары отбасылар көшіп келсе, мал ұстау, отын-көмір жеткізу сияқты шаруаларда қолғабыс етеміз деп отыр. Бүгін Түркістан, Шымкент, Алматы облыстарынан бір автобус үміткер келді. Енді оларды жаңадан құрылған шекаралық аудандардың тыныс-тіршілігімен таныстырамыз, – деді облыстық еңбек мобильділігі орталығының басшысы Арайлым Есімбекова.
Бағдарлама аясында аудан әкімдіктерімен, жұмыс берушілермен кездесулер, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорын аралау, сондай-ақ бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілетін болады.
Көшке жол сітлеушілер ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Еңбек мобильділігі орталығы.