Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы негізгі туристік нысандарға QR-гидтер морнатылмақ. Туристер QR-гид сканерлеру арқылы ыңғайлы әрі қолжетімді ақпарат ала алады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бүгін туристік маусымға қатысты өткен кеңесте ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов танымал орындарға QR-гид орнатуды тапсырды. Ол әуежайда, қоғамдық көлік нысандарында, қонақ үйлер мен танымал туристік локацияларға орнатылуға тиіс.
– Сапалы туристік сервисті дамыту – әуежайдан басталады. Өңірге алғаш келген қонақ бірден қайда демалуға, тамақтануға, тұруға болатыны немесе қайдан көмек алуға болатыны жайлы ақпаратқа оңай қол жеткізуі керек. Бұл әрбір қонаққа түсінікті әрі ыңғайлы болуы керек, – деп атап өтті облыс әкімі.
Туристер QR-гид сканерлеру арқылы ыңғайлы әрі қолжетімді ақпарат ала алады. Мәселен, қонақ үйлер, тамақтану орындары, көрікті жерлер, мәдени және табиғи нысандар туралы, қызықты туристік бағыттар мен қажетті байланыс нөмірлері де қамталады.