сурет: ШҚО ТЖД
Облыс орталығында өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Естеріңізге сала кетейік, 8 шілде күні кешке Лихарев көшесінде бір қабатты нысан тұтас өртеніп кетті. Бұл – қойма ғимараты болған. Өрттің таралау аумағы 2450 шаршы метрге дейін жетті. Соның салдарынан бірнеше ұйым шығынға ұшырады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
– Қылмыстық іс қозғалып, өрттің шығу себептері мен кінәлілерді анықтау бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.