Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, 62 бағыт бойынша тариф өседі. Оның ішінде Өскемен – Жалаңашкөл – Достық, Астана – Нұрлы жол – Өскемен, Алматы – Өскемен бағыттары бар.
«Облысаралық қатынаста – 62 маршрут. Олар республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұдан басқа, облыстық бюджет субсидиялайтын облысішілік қатынас та бар. Олар жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде», - делінген министрлік хабарламасында.