ШҚО-да ресейлік университет филиалын ашу жоспарлануда


ЖАҢАЛЫҚТАР 15-08-2024, 13:16 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, өңірде әлемдегі ең көне оқу орындарының бірі – С.М.Киров атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік орман шаруашылығы университетінің филиалын ашуды жоспарлап отыр. Бүгінде университеттің құрылғанына 200 жылдан асқан.

- Бұл универсиетте бір кездері Әлихан Бөкейхановтың оқығандығымен де маңызды, - деді әкім.

Билік ресейлік университетпен ынтымақтастықтың бірнеше нұсқасын қарастыруда. Соның бірі – Риддер қаласындағы орман шаруашылығы колледжінде университеттің филиалын ашу. Сондай-ақ бар материалдар негізінде бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеуге болады.

Айта кету керек, еліміздегі орман қорының 50 пайызға жуығы Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған. Сондықтан орман шаруашылығында жұмыс істейтін сертификатталған кадрларды даярлау облыс үшін маңызды міндет болып табылады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив