Облыстық мәслихаттың отырысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы қаржыны қайта бөлу бекітілді. Өскемендегі Қ.Сәтпаев даңғылындағы төрт көпқабатты үйдің құрылысын бірлесіп қаржыландыруға 1 миллиард теңге бөлінеді.
Сондай-ақ депутаттар «Отбасы банкі» мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы шағын және моноқалалар тұрғындарына жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру үшін 300 млн. теңге бөлінетінін айтты. Биыл пайдалануға беру жоспарланған мектептерді салу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үдерістерін жалғастыру үшін 987 миллион теңгеге жуық қаражат қажет.
Сонымен қатар депутаттар көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға 724 миллион теңге бөлуді мақұлдады.