Катонқарағай ауданындағы Өрел мектебі қысқа тас-түйін дайын


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-08-2024, 18:28 0

Өңірімізде жылыту маусымы жеті айға жуықтайтынын ескерсек, қыс қаһарына төтеп беру жан-жақты дайындықты қажет ететіні белгілі. Осыған орай Катонқарағай ауданы әкімінің м.а. Р.М.Карабалинов және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Д.Китакпаев Өрел орта мектебінің жылыту маусымына дайындығын пысықтап қайтты. 

Мектеп қызметкерлері әзірлік жұмыстарын жазда емес, көктемде бастап кетіпті. Қазандықтар от жағу маусымына әзірленіп, алдын алу іс-шаралары мен жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Аталмыш білім ордасына көмір кестеге сәйкес түсіріліп жатыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив