Өскеменнің №2 қалалық сотындақабағына ота жасатамын деп қайтыс болған әйелдің өлімі бойынша сот үкімі шықты.
Сотта анықталғандай, косметологиялық қызмет көрсететін азамат К., өзінің құрбысы А.-дан бір клиентіне блефаропластика (қабақтың артық терісін алу) операциясын жасау кезінде көмекші болуды өтінген.
Операциядан кейін К, науқастың бетінде ісіну пайда болғанына байланысты құрбысынан екпе салуды сұраған.
"Медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ А, сынақ ретінде науқасқа лидокаин қосып цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізген. Инъекциядан кейін науқастың жағдайы нашарлаған", - деп хабарлады Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.
Жедел жәрдеммен облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілген әйел сол жерде көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм анафилактикалық шок алған.
Сот үкімімен А.-ға үш жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бірақ үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.