Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өскемендегі көне білім ошақтарының бірі – №2 мектепті аралап қайтты.
1953 жылы салынған бұл мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп ғимарат жаңа оқу жылының басталуына дайын. Аймақ басшысы оқу кабинеттерін аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мектептің ұстаздар қауымымен кездесті.
Ермек Көшербаев пайдаланылған материалдардың сапасына ерекше назар аударып, балалардың қолайлы білім алуы үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкімі жауапты басқармаларға мектеп айналасын абаттандыру мәселесін тез арада шешуді тапсырды.
Мектеп директоры Жанат Омарованың айтуынша, мердігер мекеме жұмысты уақытында атқарған. Мекеме басшылығының атқарылған жұмыстардың сапасына көңілі толады.
Қазір мектептің іргетасы мен қабырғалары нығайып, жұмысшылар ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарын, су, жылу және электр жүйелерін толықтай жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде бұл мектепте 600-ге жуық оқушы білім алады, оның 49-ы инклюзивті білім беруді қажет ететін балалар.