Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қарбыз жәрмеңкесін Республика алаңында ұйымдастыру және өткізу үшін қосылған құн салығынсыз 2,6 млн теңге төлеуге дайын.
Шараның мақсаты – өсімдік шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде бақша дақылдары мен сәндік-қолданбалы өнерді насихаттау және бағалау.
Фестиваль қатысушылары жергілікті тұрғындар өндірген қарбыздар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәмін татып, сатып алуға, көрмелерге және қолөнер бұйымдары мен қолдан жасалған кәдесыйлардың ашық жәрмеңкесіне баруға мүмкіндік алады.
Қарбыз жәрмеңкесін өткіземін деген әлеуетті өнім беруші сахна және 10 ақ шатыр орнатып, тақырыптық баннерлер іліп, қарбыз пирамидасы жасап шара аяқталғаннан кейін қарбыз пирамидасын көрермендер мен қатысушыларға тарату қажет. Одан бөлек 1 орын – 100 000 теңге, 2 орын – 70 000 теңге, 3 орын – 40 000 теңге деген А3 форматтағы сертификаттарды дайындауы керек. Эскиз тапсырыс берушімен келісілуі керек. 20 дана көлемінде кірістіруге арналған жақтауы бар (әйнек өлшемі А4 ақ ағаш) дипломдық жобаны әзірлеу және дайындау. Тақырыпқа сай қарбыз жәрмеңкесінің көрермендері мен қатысушылары арасында викториналар, түрлі ойындар мен сайыстар өткізу.
Сондай-ақ ара костюміндегі екі аниматор қажет. Жәрмеңке 29-30 тамыз аралығында өтеді.