Ермек Көшербаев «Amanat» партиясының партиялық бақылау мүшелері Серік Оразбай мен Ғани Шаймардановпен кездесті


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-08-2024, 11:39 0

Кездесу барысында ұзақ мерзімді құрылыс нысандарының мәселесі талқыланды. Олардың қатарында Катонқарағай және Марқакөл аудандарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. Қазіргі таңда құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, нысандарды аяқтап, пайдалануға беру бойынша жұмыс жоспарын құрды.

Сонымен қатар, кездесуде өңірдегі туризм мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Катонқарағай өңірінің тумасы, туризм саласында жұмыс істейтін Ғани Шаймарданов аймақ басшысына Катонқарағайға баратын жол бойындағы дәретханалардың жоқтығы мәселесін айтты.

- Катонқарағай ауданына баратын жолда бірде-бір заманауи дәретхана жоқ. Шетелдік қонақтарды ауданымызға шақыру ұят. Мен осы бағыттағы жолда заманауи санитарлық-гигиеналық нысандар салғым келеді, - деді Ғани Шаймарданов.

Аймақ басшысы облыстың туристік маршруттары бойында санитарлық-гигиеналық нысандар салу жобасын қолдап, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қажетті есептеулерді дайындауды тапсырды. Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарының әкімдері жер беріп, сумен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауы керек.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив