Өскеменге тағы 25 жаңа автобус әкелінді


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-08-2024, 12:30 0

Дүйсенбіден бастап олар қалалық бағыттар бойынша жұмыс істейді.

Жаңа автобустар пневматикалық аспамен жабдықталған және жолаушыларды орналастыру үшін бір жағына сәл еңкейе алады. Автобустарда мүгедектерге арналған механикалық пандус, жүргізушілер үшін орындықтарда кірістірілген массаж функциясы бар. 

Автобустар кондиционермен жабдықталмаған, тек желдету жүйесі мен суық мезгілде жолаушылар салоны мен орындықтары жылы болуы үшін жылыту жүйесі орнатылған. 

Жалпы, қаладағы автобус паркінің 80 пайызы жаңартылды, жыл соңына дейін тағы 20 автобус пен 10 газель сатып алынуы тиіс.

2025 жылдың соңына дейін автобус паркі толықтай жаңартылуы мүмкін. 

– Ең бастысы, тұрғындардың қоғамдық көлікте өзін жайлы сезінуі және оның уақытында келуі. Жаңа автобустар қаламыздың дамуының басты көрсеткіші, - деді қала әкімі Жақсылық Омар. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив