ШҚО-да XXII Халықтық спорт ойындары басталады


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-08-2024, 11:44 1

12 тамызда басталатын XXII халықтық спорт ойындары екі қалада өтеді.


12-16 тамыз аралығында Зайсан қаласында ат спорты және ұлттық спорт түрлері бойынша, ал 18-23 тамыз аралығында Өскеменде бұқаралық спорт түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылады.


Бұл ойындардың негізгі мақсаты – көкпар, бәйге, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі сияқты дәстүрлі ұлттық спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ футбол, волейбол сынды ойын спорт түрлерін, жеңіл атлетиканы дамыту.


Ойындардың ресми ашылу рәсімі 18 тамызда Өскемен қаласында өтеді. Жарыстар спорттың 22 түрі бойынша жүргізіледі, ал оған барлық қалалар мен аудандардан 13 команда келеді. Бұл іс-шараға шамамен 2 мың спортшы қатысады, ал ұйымдастыру жұмыстарына 500-дей адам тартылады.


Айта кету керек, жарыс барысында 144 медаль жиынтығы ойнатылады.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Ерхан
Ерхан19 августа 2024 14:43
Ответить
Оиындарды кай жерден корсе болады