Министр ҰБТ-дан жоғары балл алған түлектердің неге грантқа түспегенін түсіндірді


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-08-2024, 11:30 0

сурет: zakon.kz

ҰБТ-дан жоғары балл алған балалардың неге грантқа түспегені әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік гранттың бір бөлігін су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің түлектеріне бөлінгендіктен оларға грант жетпеді деп есептейді. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары балл жинаған талапкерлердің неге оқуға түспегенін түсіндірді. 

– Жоғары балл жинап, бірақ грантқа түсе алмаған талапкерлердің 70%-ы мемлекетке басымдық бермейтін мамандықтарға құжат тапсырған. Біз мұны анық жазуымыз керек. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бірінші кезекте, жоғары оқу орындарына грантты мемлекет үшін басымдық болып табылатын мамандықтарға бөледі, - деді Саясат Нұрбек. 

Оның айтуынша, соңғы бірнеше жылда гранттардың басым бөлігі инженерлік, педагогикалық және IT мамандықтарына бөлінген. Ал биылдан бастап жылу энергетикасы, су шаруашылығы, орман шаруашылығы салаларындағы жағдайға орай жылу энергетикасы, гидрогеология, ветеринария, ауыл шаруашылығы сияқты мамандықтарға қосымша гранттар бөлініп жатыр.  

– Жоғары балл жинап, грантсыз қалған 70 мыңға жуық түлек енді не істеуі керек? Айта кетейін, қазір әкімдіктер тарапынан 2,5 мыңға жуық грант, 870 грант жұмыс берушілерден, «Қазақстан халқы» қоры атынан 850-ге жуық грант бөлінеді. Одан бөлек тағы 3 мыңға жуық грантты біздің 18 жетекші жоғары оқу орны беріп отыр. Қолданылмаған гранттар осы балаларға бөлінеді, яғни 6-7 мың грант, барлығы жалпы 10 мыңға жуық грант бөлінеді, - дейді министр.  

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, министрлік жоғары балл жинаған талапкерлердің толық тізімін ЖОО ректорларына тапсырды. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив