Биылғы түлектерге 112 мың грант бөлінді
Бүгін, 2024 жылғы 15 мамырда Жоғары білімнің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарының тізімі жарияланды. 2024 жылы жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап
Ең көп грант "Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы” тобына тиелесі екен. Берілген грант саны 19 344 құрайды, одан әрі: “Педагогика ғылымдары” – 13 735 грант, “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар”– 10 903 грант, “Жаратылыстану-математика және статистика”– 8 288 грант.
Бір қызығы, 2024 жылы оқу ақысын ішінара төлейтін сараланған гранттар алғаш рет енгізілді. “Педагогика ғылымдары” және “Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат” бағыттарына 150 сараланған грант бөлінген.
Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы бойынша талапкерлерге 3903 грант бар.
Халқы тығыз орналасқан, жаңадан құрылған және батыс өңірінің жастары үшін, нақтылай кетсек Атырау және Маңғыстау облыстарының талапкерлеріне жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға арналған 5 мың мақсатты білім гранты енгізілген.
Бакалавриатқа түсуге барлығы 79 мыңға жуық грант, ал магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1900-ден астам грант бөлінген.