1 қыркүйек күні 60-тан астам жаңа мектеп ашылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-08-2024, 15:30 0

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов қыркүйек айында 4,5 миллион бала жаңа мектепке баратынын хабарлады.

Премьер-Министр 1 қыркүйек күні 61 жаңа мектепті ашу жоспарланып отырғанын айтты.

– Мектептер ашылғаннан кейін оларды балаларды қабылдауға дайындауда әлі де көп жұмыс күтіп тұрғанын ескеру керек. Ғимараттарға, оқу үй-жайларына, асханаларға барлық қауіпсіздік талаптарын, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы талаптарды орындау қажет. Жоғары жылдамдықты интернет байланысын қамтамасыз ету, пән кабинеттерін, зертханаларды, спорт залдарын жабдықтау қажет. Оның үстіне бұл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған нысандарға ғана емес, жалпы білім беру нысандарының барлығына қатысты, - деді Олжас Бектенов.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив