Өскеменде спортшыны атып өлтірді деп айыпталған күдікті 13 жылға сотталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-08-2024, 15:49 0

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сонымен қатар тағы бір азамат жасалған қылмыс туралы тиісті органдарға хабарламағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 13-інде Қазақстан көшесіндегі аулалардың бірінде белгісіз біреу кей ортада танымал спортшы Эльер Юнусметовті кесілген шолақ мылтықпен (обрез) атып өлтірген. Кейінірек полиция қызметкерлері күдіктіні Абай даңғылында кетіп бара жатқан көліктен ұстаған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив