Енді ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы сенімхат беруге болады


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-08-2024, 14:21 0

Электронды түрде сенімхаттар жасауға және пайдалануға мүмкіндік беретін Halyk қосымшасында цифрлық сенімхат деген жаңа қызмет пайда болды. 

– Цифрлық сенімхат – бұл банктер арасында тек Halyk қосымшасында ғана қолжетімді инновациялық қызмет. Енді қазақстандықтарға нотариустарға барып, құжаттарды толтырудың қажеті жоқ. Барлығын біздің қосымшамыз арқылы тез әрі ыңғайлы түрде беруге болады, - деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев. 

Цифрлық сенімхат мемлекеттік ақпараттық жүйеде сақталғаннан кейін  Halyk қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінде автоматты түрде пайда болады. 

– Жаңа формат шетелдегі азаматтар үшін, сондай-ақ олардың өмірлік маңызды өзекті мәселелерін шешу үшін ең қолайлы және сенімді нұсқа болды. Цифрлық сенімхат алу келешегі бар қызмет және нотариус өз жұмысында барлық мүмкін болатын электрондық нұсқаларды белсенді түрде пайдаланады және оларды қоғам игілігі үшін пайдалануды жоспарлайды, - дейді заңгер Санжар Кенжеғали. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде  Halyk қосымшасында 56 мемлекеттік қызмет түрін онлайн түрде алуға болады. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив