Қазақстанның ұялы байланыс операторлары кейбір тарифтердің бағасын өзгертуде.
– Tele2/Altel операторы кейбір тарифтердің бағасын шынымен өзгертті, бірақ бұл тарифтердің бағасының күрт өсуін білдірмейді. Бұл біздің желілерді дамыту мен жаңғыртуға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге кететін шығындардың өсуіне байланысты қажетті шара. Тарифтердің құнына инфляция мен салық жүктемесінің артуы сияқты сыртқы факторлар да әсер етеді, - дейді ұялы байланыс операторлары.
Сондай-ақ компания кейбір тарифтік жоспарлар бойынша абоненттік төлемді қайта қарау оларға ұсынылатын қызметтердің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді деп есептейді.
Ал «Kcell» АҚ компаниясы болса 13 тамыздан бастап төрт тарифтен тұратын "Шексіз" желісінің құнын өзгертуді жоспарланып отырғанын хабарлады. Компанияның мәліметінше, оларды жалпы абоненттердің 2%-ы ғана пайдаланады.
– Шығындардың орташа өсуі 22,5%-ды құрайды деп күтілуде. Бұл желі 2021 жылдың басында іске қосылды, содан бері тарифтер өзгерген жоқ. Қазіргі уақытта ұқсас тарифтердің нарықтық құны орта есеппен 38%-ға жоғары. Тарифтерді түзету ықпал етті: инфляция деңгейінің өсуі – 4 жылда – 54,7%, валюта бағамы – 4 жыл ішінде – 16,7%, инвестиция көлемінің өсуі – 4 жылда – 322,4 млрд теңге, сондай-ақ тұтынылған трафиктің өсуі – 4 жылда – 145%, – дейді «Kcell» компаниясы.
– Beeline өз кезегінде олардың абоненттері бағаның өзгеруі туралы соңғы хабарламаны 2023 жылдың желтоқсанында алғанын хабарлады. Байланыс қызметтерінің құны барлық абоненттер үшін бір уақытта өзгермейтінін ескеру маңызды. Егер абоненттер тарифтік жоспардың жаңа шарттарымен қанағаттанбаса, онда біздің қызметкерлер жаңа, неғұрлым қолайлысын таңдауға көмектеседі. Өкінішке орай, байланыс қызметтерінің құны өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Бағаға әсер ететін көптеген факторлар бар: қызметтерді тұтыну көлемі, телекоммуникациялық жабдықтың құны, валюта бағамы, девальвация, инфляция және т.б., - дейді Beeline компаниясы.