“Бір секундта ашылады” Жаңа Бұқтармаға жаңа интернет келіп жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-08-2024, 18:32 0

Жаңа Бұқтырмалықтар «Алма+» байланыс операторына жаппай қосылып жатыр. Енді веб-сайтты бір секундта ашу, «ауыр» файлдарды қиналмай жіберу және алу, фильмдерді жоғары сапада көру немесе бейнеконференцияны еш кедергісіз өткізу ауылдық жерлерде қолжетімді болды. 
Сонымен қатар қашықтан жұмыс істейтін адамдар үшін жылдам интернет өте маңызды. Тіпті веб-сайттардан файлды жүктеп алу жоғары сапалы интернетпен қатар көп трафикті қажет етеді.
- Ұзақ жылдар бойы Қазақстанда байланыс операторлары санаулы ғана болды, ал қазір бұл ортада бәсекелестік бар, - деді ШҚО Қоғамдық кеңесінің ақпараттық технологияларды цифрландыру комитетінің жетекшісі Болатбек Зәкімов. - Соның арқасында үлкен қалалар мен облыс орталықтарын ғана емес, одан тыс жерлерді де жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болды. Мәселен, Жаңа Бұқтырма ауылының тұрғындары секундына 500 Мбит жылдамдықты интернетті пайдалана алады. Бұл олардың өмірін айтарлықтай жеңілдетіп, еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Қазір әрбір көпқабатты үйде талшықты-оптикалық байланыс бар. «Алма+» компаниясы интернеттен басқа теледидар көру қызметтерін ұсынады. Олар - 180 арна және 4400-ден 7000 теңгеге дейінгі бірнеше тарифтік жоспарлар.
- Қазір акция жүріп жатыр. Екі айдың ішінде барлық тарифтердің құны 50 пайызға төмендеді, - деді «АлмаТелҚазақстан» АҚ филиалының директоры Мәлік Абдолдин. – Әр ауылда қызмет көрсету жобасы әзірленуде. Біз үйдің кез келген бұрышына тұрақты Wi-Fi сигналын тарататын жоғары сапалы жабдықты ұсынамыз. Ауыл тұрғындарының өтініштеріне жедел жауап беретін өз технигіміз бар.
Жаңа Бұқтырма тұрғыны Анна Махальскаяның айтуынша, бұл желіге бір уақытта бірнеше құрылғы қосылса да, жылдамдық жоғалмайды. 
- Біз қашықтан жұмыс істейміз, жоғары сапалы интернетті қажет ететін өте күрделі бағдарламаларды қолданамыз. Бұрынғы байланыс операторы сұранысымызды қанағаттандырмағандықтан, біз «Алма+» жүйесіне көштік және ешқашан өкінген емеспіз, - деді ол.
Айта кету керек, жыл соңына дейін барлық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив