Тамыз айынан бастап Tele2/Altel, Activ, Beeline, Кселл ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарлар бойынша абоненттік төлемді арттырмақ. Олар тұтынушыларға тариф құны артатынын айтып хабарлама жолдауда.
Tele2 компаниясы абоненттерге мұның инфляция мен басқа да экономикалық жағдайларға байланысты екенін хабарлады.
- Сондай-ақ бұл біздің желілерді дамытуға және жөндеуге кететін шығындардың өсуіне байланысты қажетті шара, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ компания кейбір тарифтік жоспарлар бойынша абоненттік төлемді арттыру олар ұсынатын қызметтердің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді деп есептейді.