2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Волонтерлік қызмет тізілімін жүргізудің жаңа Ережелері күшіне енді.
Тізілімді волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың ерікті негізде ұсынған деректері негізінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізеді.
Тізілімге кіру үшін волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар өз қызметі туралы ақпаратты (волонтерлік қызметтің негізгі түрлері, волонтерлердің саны, жүзеге асырылып жатқан жобалар және т.б.) volunteer@mki.gov.kz электрондық мекенжайына жібереді.
Тізілімге енгізу немесе бас тарту хабарлама арқылы ресімделеді және Өтініш берушіге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Ережелермен ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында танысуға болады.