1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 20 159 707 адам өмір сүреді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
1 қаңтардағы көрсеткіштен бері елімізде халық саны 125 865 адамға көбейген. Табиғи өсім 118 576 адамға жеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 2 258 253 адам тұрады, осылайша мегаполис елдегі ең көп халық қоныстанған қала мәртебесін сақтап тұр.
Бюро дерегіне сүйенсек, қазір Астанада 1 472 027 адам тұрады. Еліміздегі халық жиі шоғырланған өңірдің бірі – Түркістан облысы. Бұл аймақта 2 150 796 тұрғын тіркелген.
Сондай-ақ Шымкент қаласында, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында бір миллионнан астам адам тұрады.