Жыл басынан бері 12 мың адамның 3 мыңы қандас мәртебесін ала алмады


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 11:32 0

Министрлік үш мың адамға қандас мәртебесін беруден бас тартты, жыл басынан бері тек 8758 адам қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қандас мәртебесі өтініш беруші шешімде көрсетілген қоныстану аймағына келген күні ғана күшіне енеді. 2017-2023 жылдар аралығында еліміздің солтүстік және орталық аймақтарына 10,9 мың қандас қоныс аударды. Министрліктің мәліметінше, қандастар мен қоныс аударушылардың 85%-ы қоныс аудару аймақтарында тұрады, 15%-ы басқа өңірлерге қоныс аударған. 

Сондай-ақ министрлік осы жылдың алты айында 3287 адамға қандас мәртебесін беруден бас тартылғанын хабарлады. Бас тартудың негізгі себебі – құжаттардың толық болмауы. Өтініш берушілердің көпшілігі ескертулерді түзеткеннен кейіннен ғана қандас мәртебесін ала алады. 

Сонымен қатар, ішкі істер министрлігі қандас мәртебесін алғаннан кейін елден кеткен азаматтардың жеке есебін жүргізбейтінін атап өтті. 

2023 жылы Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Пилоттық жоба шеңберінде елге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және қандас мәртебесін алуға болады. Биыл республиканың шетелдегі мекемелері арқылы жаңа форматта этникалық қазақтардан 9569 өтініш (656 отбасы) қабылданды.
Жалпы, 1991 жылдан бастап Қазақстанға 1 миллион 135,7 мың этникалық қазақ оралды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив