Өскеменде ескі балабақша ғимараттары қайтадан қайтарылмақ


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 15:47 0

Шығыс Қазақстан облысында 3 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшалар жетіспейді. 

Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, бүгінде 3 пен  6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен  қамтамасыз етілген. Ал 2 мен 3 жас аралығындағы балалар болса әлі балабақшаға орналаспаған. 2024 жылдың 1 шілде күні Шығыс Қазақстан облысында екі мен үш жас аралығындағы 2104 бүлдіршіннің балабақша кезегін күтіп отырғаны белгілі болды. 

Кезекте тұрғандардың басым көпшілігі, яғни 1593 бала Өскеменде тұрады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев бұл мәселені мемлекеттік органдар отырған ескі балабақшалардың ғимараттарын қайтару арқылы шешуге болатынын айтты. Облыс орталығында бүгінде балаларға пайдалануға болатын үш ғимарат бар. Оның бірі ШҚО полиция департаментіне берілген.  

Одан бөлек, Риддерде – 109 бала, Шемонаиха ауданында – 81 бала, Глубокое ауданында – 71 бала, Күршімде – 69 бала, Ұланда – 63 бала, Зайсанда – 55 және Алтай өңірінде – 50 бала балабақша кезегінде тұр. 

Тек Катонқарағай ауданы мен Марқакөл, Үлкен Нарын аудандарында балалар балабақшаға кезекке тұрмаған. Ал Тарбағатайда тоғыз балаға, Самар өңірінде төрт балаға балабақшада орын жоқ. Ермек Көшербаев экономикасы дамымаған, жастар тұрақтамайтын аймақтарда балалар саны көбейіп жатқан жоқ деп мәлімдеді. Облыс орталығына келсек, бұрынғы нысанасына қайтарылған ескі балабақшалардың ғимараттарын жөндеуге ақша бөлуді ғана талап етеді. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив