Зейнетақы жинақтары иесі қайтыс болған соң отбасы мүшелеріне мұраға қалдырылады. Марқұмның отбасы осы жинақтардан 94 АЕК шегiнде жерлеу төлемiн алу үшiн онлайн түрде өтiнiш бере алады. Ол үшін өтініш беруші қайтыс болған адамның ЖСН мен банктік деректемелерін енгізу керек. Туыстық байланыстар туралы ақпаратты салыстыру автоматты түрде жүзеге асады. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.
Егер өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық байланыстары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, ол осыны растайтын құжаттарымен БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне жүгінуі тиіс.