"Баланың зейініне әсер етуі мүмкін". Қазақстан Ауғанстаннан келетін сусынды тексерді


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 12:37 0

Ауғанстанда жасалатын «Golden Life» газдалған сусыны Қазақстанда тексерістен өтті. 

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, олар Royal, Paradise, Mani, Pure, Golden Life анар дәмі бар газдалған сусындарға санитарлық тексеру жүргізді. 

Санитарлық тексеру нәтижесінде, газдалған сусындардың таңбалануы Кеден одағының "тамақ өнімдерін таңбалау бөлігіндегі" техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды

Қазақстандық мамандар сусындардың құрамында "бояғыш (азорубин Е122)" бар деген ескерту белгісі жоқ екенін анықтады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл зат балалардың белсенділігі мен зейініне кері әсер етуі мүмкін деген болжам жасады.  

Сонымен қатар, қаптамада сусындардың құрамы, жасалған күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген. 

– Сондай-ақ, аталған сусындарға сәйкестік туралы декларациялар жоқ екені анықталды, бұл дайындаушының (импорттаушының) Кеден одағы техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдерінен өтпегенін көрсетеді", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасы.

«Golden Life» және басқа сусындарды сатуға ресми тыйым жоқ.  

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Ош қаласындағы сауда нүктелерінен Ауғанстаннан газдалған сусын тәркілене бастады. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болғаннан кейін Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитетібұл сусынды қайта сынақтан өткізіп жатқанын хабарлады. 



Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив